
Начын Куулар есімді легионер ел намысын қорғайды
Наурыз айының соңына таман күрес түрлерінен Иорданияда өтетін Азия чемпионатында сынға түсетін қазақстандық еркін күрес шеберлерінің есімі анықталды.
Бұл тізімге әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұқан енген.
Аммандағы сында бір легионер енген. Қалған бозкілем шеберлері елімізден шыққан спортшылар екені белгілі болып отыр.
57 келі - Рахат Қалжан
61 келі - Балғабай Мұхамед
65 келі - Нұрсұлтан Садық
70 келі - Начын Куулар (легионер)
74 келі - Нұрқожа Қайпанов
79 келі - Дәулет Ергеш
86 келі - Болат Сақаев
92 келі - Азамат Дәулетбеков
97 келі - Ризабек Айтмұқан
125 келі - Нұрсұлтан Азов.
Аталған сын осы айдың 25-30 күндері аралығында өтеді. Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен сынға түсетін балуандар тізімі жария болған еді.