Денис Никиша әлем чемпионатында екінші рет күміс жүлдеге қол жеткізді

15.03.2025, 14:05

Ол былтыр да күміс жүлдегер атанған еді

Денис Никиша әлем чемпионатында екінші рет күміс жүлдеге қол жеткізді
Спортты дамыту дирекциясы

Никиша 500 метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол мәреге 40,096 уақыт көрсеткішімен жетті. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) иеленсе, үздік үштікті нидерландтық Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.

Еске салайық, былтыр Никиша дәл осы қашықтықта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам