Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоудағы турнирде күміс жүлде алды

16.03.2025, 12:30

Финалда ол қарсыласымен тең нәтиже көрсеткенімен, жеңіс араб қызына берілді

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоудағы турнирде күміс жүлде алды
olympic.kz

Каратэден қазақтан шыққан алғашқы әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан «Каратэ Премьер лигасында» финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз финалда алжирлік спортшы Силия Уикенмен кездескен. Жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Алайда, аталған спорт ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда жеңіс алғашқы ұпайды алған каратэшіге беріледі.

«Финалдық бәсеке өте жоғары деңгейде өтті. Екеуіміз де тең ұпай алдық. Дегенмен, каратэнің ережесіне сәйкес алғашқы ұпай алған спортшы жеңіске жетеді. Демек алтын медаль маған бұйырмай тұр», - деді Мөлдір Жаңбырбай 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына Олимпиада ойындарының қола жүлдегері София Берульцева шығады. Ол қола жүлде үшін бағын сынап көрмек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам