Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемдегі ең сұлу дзюдошылардың бірі футболда бағын сынап көрмекші

16.03.2025, 10:53

Ол қыздар командасының танымал болуына үлес қосады

Әлемдегі ең сұлу дзюдошылардың бірі футболда бағын сынап көрмекші
instagram.com/dariabilodid7/

Украиналық танымал дзюдошы Дарья Билодид «Металист 1925» (Харьков) футбол клубының сапына қосылды. Мұндай ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

«Металлист 1925» клубы мен украиналық дзюдошы Дарья Билодид арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі. Әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада жүлдегері ресми түрде әйелдер командасының ойыншысы атанды.

Дарья келісімшартқа отырды және жақын арада команданың жаттығу процесіне қосылады. Оның ауысуы украиналық спорт үшін жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар әйелдер футболын танымал ету жолындағы қадам», - делінген «Металлист 1925» клубының Instagram-парақшасында.

25 жастағы Дарья Билодид – Украина тарихындағы ең үздік дзюдошыларының бірі. Ол 48 келіде 18 және 19 жасында қатарынан екі рет әлем чемпионы атанды. 21 жасында Токио Олимпиадасының қола жүлдесін олжалаған. Токио Олимпиадасынан кейін 57 келіге ауысып, әлемдік Гран Слэм турнирлерінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Еуропа чемпионатында топ жарған. 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысып, екінші айналымда жапон қызы Харука Фунакуводан шидо саны бойынша жеңілген. Париж Олимпиадасынан кейін әлі күнге дейін бірде-бір жарысқа қатыспады.

Айта кетейік, Дарья Билодид – жай спортшы ғана емес, Украинада танымал топ-модель. Сонымен қатар, Ресейдің Украинаға жасаған агрессиялық соғысына ашық қарсы шығып, өзінің қайсарлығын көрсеткен спортшылардың бірі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам