Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қытайда қазақтың каратэші қыздары 1 күміс, 2 қола еншіледі

17.03.2025, 11:04

Қазақстан командасы сапында 13 каратэші өнер көрсетті

Қытайда қазақтың каратэші қыздары 1 күміс, 2 қола еншіледі
Қазақстан каратэ федерациясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэден премьер-лига санатындағы 2025 жылдың екінші жарысы аяқталды.

Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, Karate 1-Premier League - осы спорттағы ең беделді турнир. Оған рейтингтегі TOP-32 спортшы ғана жолдама алады.

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының 3 спортшысы кумите бағдарламасында жүлдеге қол жеткізді. Топта барлық қарсыласын ұтқан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) финалда Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU (бірінші ұпай алған спортшы жеңісі) бойынша есе жіберді. Мөлдір қаңтар айында Парижде өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола жүлдегер атанған. 

Осыдан кейін жартылай финалда сүрінген Әсел Қанай (61 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) кіші финалда қарсыласын ұтып, қола медаль иеленді. Еске сала кетейік, Әсел мен Софья қыста Парижде күміс жүлде жеңіп алған.

Барлығы бұл жарысқа 68 елден 400 спортшы қатысты. Қазақстан командасы сапында 13 каратэші.  Айта кетейік, Ханчжоуға ең көп спортшыны Жапония құрамасы алып барады (30 спортшы). Одан кейін Италия (29), Франция мен Түркия (21 адамнан).

Осыдан соң премьер-лиганың (Karate 1-Premier League) келесі кезеңі Каир (18-20 сәуір) мен Рабат (30 мамыр - 1 маусым) қаласына көшеді. Қазақстан каратэшілері Париждегі жарыста 2 күміс, 3 қола медаль алған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам