Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сметовке қарсы финалда күрескен балуан жанкүйерлерін ойландырып қойды

17.03.2025, 15:45

Рустам Ибраев ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында 60 келіде белдескен

Сметовке қарсы финалда күрескен балуан жанкүйерлерін ойландырып қойды
instagram.com/ibrayev_rustam

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев жаңа қызметке кіріскен соң желідегі оқырмандарына жағымды жаңалығы барын жариялады.

Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында 60 келіде белдесіп, 10 жыл бұрын ӘЧ-ның финалына шыққан балуан кейін бапкерлікке бет бұрған еді. Жақында ол Ақтөбе облысындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болып тағайындалған.

Жаңа қызметке кіріскен соң балуан желіде жазба жариялап, «Бізден жақсы жаңалық күтіңіздер» деп жазба қалдырды.

Белгілі спортшының жаңа қызметке туризм және спорт министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ротациялық негізде тағайындалғаны айтылған.

Ақтөбелік балуан 2015 жылы әлем чемпионатының финалында болашақ Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен күрескен. Кездесу қорытындысы бойынша ол екі рет ескерту алып, күміс жүлдеге ие болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам