Қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты

26.03.2025, 17:13

Отандасымыз жартылай финалда сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты
ҰОК

Қазақстандық балуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль үшін бақ сынайды.

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.

Бұл кезеңде қазақстандық спортшы жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берді.

Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам