Еліміздің гимнастары Грекияда 9 алтын медаль жеңіп алды

26.03.2025, 17:15

Отандастарымыз Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті

Еліміздің гимнастары Грекияда 9 алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грекияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және шоқпар таяқшаларымен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам