Спорттық клубтар легионерге ақшаны енді қайдан алады?

Telegram WhatsApp

Жаңа заң күшіне енсе елдегі спорттық клубтардың нәтижесі күрт төмендеуі мүмкін

ФК Астана
ФК Астана

Бүгін Парламент Сенаты спорт туралы заңға түзетулерді қабылдады. Бұл өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынатыны белгілі болды. 

Одан бөлек, Парламентте Астаналық төрт кәсіби клубтың, яғни «Астана» футбол және баскетбол клубтары, «Барыс» хоккей клубы және Astana Qazaqstan Team велокомандасының мәселесі көтерілді. Бұл командалар қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаражаты есебінен қаржыландырылып келеді.

Қазақстан Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, бұл клубтардың кейбірі мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржы алып отыр. Атап айтқанда, қаражат спорт пен туризмді қолдаудың бірыңғай операторы арқылы бағытталады. Бұл қорға лотерея, букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінен келетін салықтар түседі. Ал «Самұрық-Қазына» сияқты квазимемлекеттік секторға тыйым салынған жағдайда, бұл көздердің де болашағы белгісіз күйде қалып отыр.

«Астана» баскетбол клубы лимиттен аспайды. Бірақ оған да демеушілік көздерін табу тапсырмасы қойылды. Футбол клубы 5,3 млрд теңгені қайта қарастыруы керек. Хоккей клубы 8,5 млрд теңге көлемінде»

деді вице-министр

Қазіргі уақытта бұл клубтардағы легионерлер саны: 

  • «Астана» ФК құрамында — 11
  • «Барыс» ХК —  9
  • «Астана» БК — 6

Жаңа заң күшіне енген соң клубтар екі жолдың бірін таңдауы мүмкін:

  1. Легионерлермен қош айтысу (командалар деңгейінің төмендеу қаупі бар)
  2. Оларды сақтау үшін жаңа қаржы көздерін іздеу.

Серік Жарасбаев Astana Team велокомандасы жаңа маусымда қаржысының 60%-ын қытайлық жеке инвестор есебінен алып отырғанын айтты. Сондай-ақ, команда құрамында қазақстандық велошабандоздар аз болғанымен, қаражат мемлекеттік қорлардан бөлінбейтінін атап өтті.

2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 2013-2023 жылдар аралығында елорда клубтарын қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» тарапынан 138 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған болатын: 

  • «Астана» ФК — 50,1 млрд тг
  • «Барыс» ХК — 48,8 млрд тг
  • Astana Qazaqstan Team — 31,5 млрд тг
  • «Астана» БК — 8 млрд тг

Соған қарамастан, командалардың қазіргі спорттық нәтижелері төмен.

  • «Астана» БК — ВТБ лигасында 39 ойынның 37-сінде жеңілген
  • «Барыс» ХК — ҚХЛ-дың тұрақты маусымында соңғы орын иеленді. 
  • «Астана» ФК — Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 839 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›