Енді легионерлерге мемлекет есебінен қаржы беруге заңмен тыйым салынады

Telegram WhatsApp

Қазақстанға келіп үлгерген спортшыларға аталған заң қатысты емес

Елімай ФК
Елімай ФК

Қазақстанда легионерлердің мемлекет қаражатынан қаржыландырылуына тыйым салынбақ. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Сенат кулуарында мәлімдеді. Заң жобасы қабылданған жағдайда премьер-лигадағы командалар шетелден келген футболшыларға енді бюджет есебінен жалақы төлей алмайды.

Серік Жарасбаевтың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасында 325 футболшы өнер көрсеткен, олардың 149-ы Қазақстан азаматы емес. Яғни, шетелдік ойыншылар лиганың 45-50%-ын құраған.

«Аталған заң жобасында легионерлерді мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым енгізіледі. Яғни, заң күшіне енген соң, легионерлерге мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Клубтар бұл жағдайға бейімделіп, қаржыландырудың жаңа – демеушілік не жеке көздерін табуы қажет»

деді вице-министр Серік Жарасбаев

Жарасбаевтың айтуынша, қолданыстағы келісімшарттар заңды күшін сақтайды, алайда жаңасын жасауға болмайды. 

«Қазір әрекет етіп тұрған келісімшарттар мерзімі аяқталғанға дейін күшінде қалады. Себебі заңның кері күші болмайды. Бірақ біз бұл нормаларды 2024 жылдың ортасынан бастап талқылап келеміз, сондықтан клубтар 2025 жылдан бастап жаңа келісімшарттар жасамауы тиіс екенін алдын ала білетін», - деп нақтылады вице-министр.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 839 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›