
Бұл – оның ересектер арасындағы алғашқы ірі жарысы
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті. 53 келіде бақ сынаған Зейнеп Баянова қола жүлдегер атанды.
Зейнеп қола медаль үшін белдесуде моңғол қызы Чинболд Отгонтуяадан айласын асырды.
Отандасымыз Амман бозкілемінде барлығы үш белдесу өткізді. Алғашқы айналымда оңтүстіккореялық Сеоион Паркты 4:2 есебімен жеңді. Ал, ширек финалда Солтүстік Корея балуаны Хиогинг Шодан жеңілді. Осыдан кейін Хиогинг финалға шығып, Зейнеп жұбаныш белдесуін өткізуге мүмкіндік алған. Алайда, қатысушы аз болғандықтан, Зейнеп жұбаныш белдесуінсіз бірден жүлде үшін күресті.
22 жастағы қазақстандық балуанның бұл – ересектер арасындағы жарысы. Зейнеп жастар және U23 санатында Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлде алған.
Аталған жүлде әйелдер күресінен Аммандағы осы чемпионатта команда қоржынына түскен алғашқы медаль болып отыр. Сондай-ақ, бүгін 72 келіде Жәмила Бақбергенова фнналда қытайлық балуанмен өзара мықтыны анықтайды.