Дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш үш дүркін чемпионы аяғын ота арқылы түзетті

Telegram WhatsApp

Тадахиро Номура Олимпиада ойындарында 1996, 2000, 2004 жылдары топ жарды

instagram.com/nomura60kg
instagram.com/nomura60kg

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанған жапониялық Тадахиро Номура тізесіне ота жасатты. Күрделі ота Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалған.

Балуанның сөзінше, ол қос сирағының арасын жақындату үшін осындай амалға баруына тура келген.

«Наурыздың 21-і, жұма күні, сол аяғыма ота жасалды. Жоғарғы асықты жілік остеотомиясы және менисктің жартылай алып тасталу операциясы жүргізілді. Бұл – «O» пішінді аяқтың түзетілуі үшін сирақ сүйегінің бұрышын өзгерту арқылы жасалатын ота. Операция сәтті өтті, жағдайым жақсы, реабилитация да ойдағыдай өтіп жатыр. Дзюдомен қайта айналысуға шамамен 9 ай уақыт қажет екен. Спортпен айналысу үшін біраз уақыт жаттығуды тоқтатуға тура келеді. Бұл, әрине, өкінішті. Бірақ бұдан да жылдам әрі мықты болып оралу үшін қазір реабилитацияға көңіл бөлудемін. Бұл – менің бесінші ірі отам, тәжірибем бар, уайымдамаңыздар»

деді даңқты спортшы

Тадахиро Номура Олимпиада ойындарында 1996, 2000, 2004 жылдары топ жарды. Белгілі спортшы 60 келіде ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен. Ол 1997 жылы әлем чемпионы атанса, 2003 жылы Осакада өткен әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшы Жапония құрамасындағы жоғары бәсекенің нәтижесінде 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қарсаңында үлкен спортпен қош айтысты. Ол дзюдо тарихында Олимпиаданы үш рет ұтқан алғашқы балуан. Оның рекордын жиырма жылдан кейін франциялық Тедди Ринер қайталады.

Пікірлер

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 839 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›