Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

29.03.2025, 20:18

Бұл – оның Азия чемпионатындағы үшінші жүлдесі

Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
UWW

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жарыс жолын бастаған. Қазақстандық балуан Рахат Қалжан 57 келіде қола медальға қол жеткізді.

Рахат Қалжан жартылай финалға дейін қиындықсыз жетті. Алдымен ол оңтүстіккореялық Жаеионг Анды айқын басымдықпен жеңді (10:0). Ширек финалда Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық Гуломжон Абдулаевтан айласын асырды. Жартылай финалда Иран балуаны Милад Вализазаден 3:0 есебімен жеңілді.

Ал, қола медаль үшін белдесуде Ирак балуаны Хусейн Албехадилалборстанмен тартысты белдесу өткізіп, 8:6 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін олжалады.

Рахат Қалжан осымен Азия чемпионатында үшінші мәрте медаль алып отыр. 2022 жылы Ұлан-Батырда (Моңғолия) финалда үндістандық Рави Кумардан жеңіліп күміс медаль алса, 2023 жылы Астанада қола жүлдегер атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам