Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының финалына шықты

29.03.2025, 17:11

Финалда оны жапон балуаны күтіп тұр

Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ризабек Айтмұқан финалға шықты. 97 келіде өнер көрсетіп жатқан отандасымыз жартылай финалда ирандық балуанды жеңді.

Еске салайық, бұл салмақта жарыстың басты фавориті ретінде Бахрейн атынан күресетін дағыстандық Ахмед Тажудинов саналған. Ризабек екеуі жартылай финалда күреседі деп болжанған еді. Алайда, Тажудинов жарақатына байланысты жарысқа қатысудан соңғы сәтте бас тартты.

Осылайша Ризабек Айтмұқан финалға жолдаманы ирандық Мохаммадмобин Азимимен сарапқа салды. Тартысты өткен белдесу 2:0 есебімен қазақ балуанының пайдасына шешілді.

Азия чемпионы атағы үшін ол жапон Араш Ешидамен күреседі. 

Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Рахат Қалжан (57 кг) да медаль үшін белдеседі. Ол бұған дейін ирандық Джахангир Вализаден жеңілді.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам