Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ақтөбелік азамат Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады

07.01.2024, 23:43

Сондай-ақ, АҚШ-тан арнайы жасатылған ер-тоқымға тапсырыс берген

Ақтөбелік азамат Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады
wrestling_team.kazakhstan

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік азаматтар өңірге сапары кезінде құрмет көрсетіп, бір үйір жылқы сыйлады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі wrestling_team.kazakhstan парақшасында жарияланды.

Белгілі балуан Ақтөбеге барған кезінде облыс әкімі мен бірнеше адамның қабылдауында болған. Кезекті кездесудің бірінде жылқышылар одағы әлем чемпионына бір үйір жылқы атады. Бұдан бөлек, АҚШ-тан арнайы тапсырыспен жасатылған ер-тоқымды тарту еткені белгілі болды.

Айта кететін жайт, жергілікті күрес жанашыры Марат Жанғозин былтыр Сербияда еркін күрес балуандарына дастархан жайып, Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұханға қомақты қаржылай сыйақы берген еді.

Осыған дейін Ризабек Айтмұқанға пәтер мен көлік сыйға берілген болатын. Ол әлем чемпионы ретінде мемлекеттен 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан көптеген сый-сыяпатқа кенелді. Балуан алда ел чемпионатында 97 келіде күресіп, алда Париж олимпиадасында ел намысын қорғауды мақсат етіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам