Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

Белгілі дзюдошы Кәмила Берліқаш Алматыдан су жаңа пәтер алды

04.04.2025, 23:41

Оның күйеуі де елге танымал дзюдошы

Белгілі дзюдошы Кәмила Берліқаш Алматыдан су жаңа пәтер алды
instagram.com/berlikashk/

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қатысушысы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері Кәмила Берліқаш Алматыдан баспаналы болды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Әйелдер арасында +78 келіде өнер көрсететін дзюдошы Ислам Тоқтасынмен бірнеше жыл бұрын отау құрған еді. Енді екеуі бірге пәтерлі болып отыр.

«Аллаға шүкір. Құттықтауларыңызға болады», - деп жазды өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кету керек, Кәмила Берліқаш Гранд Слэм турнирлерінде бірнеше рет жүлдегер атанды. Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында да жүлдегерлер қатарына қосылды.

Оның күйеуі Ислам Тоқтасын былтыр Ақтөбеде өткен ел чемпионатында 73 келіде қола жүлдеге ие болған еді. Жақында Линцте өткен Гран При турниріне қатысқанымен, іріктеу кезеңінде есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам