
Бұл өзгеріс балуандарды белдесудің соңына дейін белсенді болуға шақырады
Халықаралық күрес федерациясы Словакияда өтетін грек-рим күресін жаңа ереже бойынша өткізбек.
Нақтырақ айтсақ, бұрын грек-рим күрестегі белдесу 1:1 есебімен аяқталған жағдайда, жеңіс соңғы ұпай алған балуанға берілетін. Жаңа ережеге бойынша бәрі кересінше, яғни жеңіс алғашқы ұпайды алған балуанға беріледі. Халықаралық күрес федерациясының мәліметіне сәйкес, бұл өзгеріс балуандарды соңына дейін жүріп алмай, басынан белсенді болуға ынталандыру мақсатында енгізді.
Бұл ережені UWW Еуропа чемпионатында сынақ ретінде байқап көрмек. Егер барлығы жақсы өтетін болса, алдағы уақытта толықтай енгізілуі мүмкін.
Айта кетейік, күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты 7-13 сәуір аралығында Словакияның Братислава қаласында өтеді