
Ол былтыр ғана Қарағанды облысының Спорт басқармасына басшы болып тағайындалған болатын
Бокстан Олимпиада және әлем чемпионы Серік Сәпиев шахматтан Қарағандыда өтіп жатқан II Senat Open Кубогының облыстық іріктеу турына қатысты.
Дәстүрлі турнирге өңір бойынша 120 ойыншы қатысып жатқаны белгілі болды. Алайда, Сәпиевтің іріктеу кезеңінде қандай нәтиже көрсеткені әзірге белгісіз.
Аталған шахмат турнирі мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға, ардагерлерге, журналистерге бір алаңда кездесуге мүмкіндік береді.
Серік Сәпиев өткен жылы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын. Лондон Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған даңқты боксшы «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубын басқарып, кейін Мәжіліс депутаты, Спор комитетінің төрағасы лауазымын ұзақ жылдар бойы атқарды. Облыс спортына басшылыққа келгенше ол Ұлттық Олимпиада комитетінде жауапты міндетті атқарды.