Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Еуропа чемпионатында Ресей шенеунігі Албания балуанымен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

10.04.2025, 13:25

Мәселенің мән-жайы толық белгілі болды

Еуропа чемпионатында Ресей шенеунігі Албания балуанымен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
UWW

Күрес түрлерінен Еуропа чемпионатының марапаттау рәсімінде кикілжің болды. Еркін күрестен 74 келіде чемпион атанған Албания балуаны Чермен Валиев өзіне марапатты табыстаған Ресейдің күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвилимен ерегесіп қалды.

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда ресейлік шенеуніктің албан балуанының мойнына медальді тағып жатып әлденені айтқаны анық байқалады. Ашуланған балуан оған сөз қайтарған. Артынша Мамиашвили медальді Валиевтің мойнына күштеп іле салады. Ал Валиев болса оның қолын қағып жіберуге әрекеттенеді.

Шулы оқиғадан кейін ол аталған жайт бойынша Ресей өкілі пікір білдірді.

«Мен оны жеңісімен құттықтадым. Ол Олимпиададан 4 ай бұрын біздің елдің құрамасының мүшесі еді. Ресейдің ұлттық құрамасы оны дайындады. Ал бүгін ол Албания туы астында өнер көрсетеді. Көзінде жас болды. Осы жайт оның көңілін толқытқан шығар. Олар ел үшін жауапкершілік дегенді түсінбейді. Бүгін Албания, ертең Болгария үшін белдеседі. Ал Ресей олар үшін көп нәрсе жасады», - деді Михаил Мамиашвили.

Дегенмен, бұған қатысты өзге ақпарат белгілі болды. Ресей өкілі Михаил Мамиашвили Албания атынан күресетін балуанды «сатқын» деп жазғырып, бағалағаттаған көрінеді. Бұл жайт марапаттаудан бұрын да басталған. Осыдан кейін Валиев марапаттау рәсімінде эмоцияға ерік берген.

Чермен Валиев – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Ресейде туып, кейін Албания атынан күресу үшін сол елдің азаматтығын қабылдаған. Балуан финалда өзінің қандасы (екеуі де осетин), Токио Олимпиадасының чемпионы Заурбек Сидаковты 4:2 есебімен жеңген болатын.

Естеріңізде болса, Ресейдің күрес федерациясының президенті Париж Олимпиадасынынан кейін соңғы 1 жылдықта спорттық азаматтықты ауыстырған балуандарды сынға алып, оларға қатысты қандай шара қолданатынын айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам