
Олимпиаданың үш дүркін чемпионы белгісіз жағдайда қайтыс болған еді
Еркін күрестен Ресей құрамасы Еуропа чемпионатында жалпыкомандалық есепте жеңімпаз болып, оны 40 күн бұрын өмірден өткен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Бувайсар Сайтиевке арнады.
Бұл туралы құраманың бас бапкері Қажымұрат Гацалов мәлімдеді.
«Барлық алтын медаль бұл құрама бапкерлерінің жемісі. Біз бүгін командалық есепте бірінші орын алдық. Баршаны жеңімпазды құттықтап, бұл жеңісті Бувайсар Сайтиевке арнаймыз», - деді Қажымұрат Гацалов.
7 сәуірде Словакияның астанасы Братиславада күрес түрлерінен басталған Еуропа біріншілігіне Ресей құрамаса бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Бувайсар Сайтиев биыл ақпан айында жұмбақ жағдайда қайтыс болды.