Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025, 12:21

Ол биылдың өзінде ірі төрт турнирде жеңіс тұғырына көтерілген болатын

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
olympic.kz

Қазақстандық әйелдер күресенің үздігі Жәмила Бақбергенова «Біріккен күрес әлемі» (UWW) жариялаған жаңа рейтингте жапон қызын басып озып, көш бастады.

Жәмила Бақбергенова жуырда өткен Азия чемпионатында төртінші рет топ, жарып алтыннан алқа таққан болатын. Осы жарыс нәтижесі бойынша ол 10 мың ұпай еншілеп, Жапония өкілі Ами Ишиды екінші орынға ығыстырды.

Айта кетейік, бұл Жәмиланың жыл басынан бергі белдескен төртінші бәсекесі және оның бәрінде отандасымыз топ жарып келді.

Жәмила Бақбергенованың қоржынында әлем чемпионатының 4 күміс 1 қола жүлдесі бар. Азия чемпионатының 4 дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс медаль иегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам