Арменияның ең даңқты балуаны Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады

12.04.2025, 23:48

Ол – Олимпиада мен әлем чемпионы, Еуропаның 7 дүркін жеңімпазы

Арменияның ең даңқты балуаны Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады
Wrestlersarewarriors.com

Грек-рим күресінен армениялық Олимпиада чемпионы Артур Алексанян Словакияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Ол финалға шығар жолда болгар балуаны Кирилл Миловқа 2:1 нәтижесімен жол берді. Іріктеу кезеңдерінде Артур Алексанян Эстония және Италия балуандарынан басым түсті. Енді ол қола жүлде үшін Румыния, Латвия, Чехия балуандарының бірімен сынға түседі.

Артур Еуропа біріншілігінде 7 мәрте чемпион атанған. Сондай-ақ, екі рет күміс, бір рет қола жүлдеге ие болды. Армения өкілі классикалық күреспен қазіргі уақытта күресіп жүрген спортшылар арасында ең танымал балуан.

Ол – Олимпианың төрт жүлдесін иеленген (1 алтын, 2 күміс, 1 кола).  Бұдан бөлек, әлем біріншілігінің 4 дүркін чемпионы, 3 рет күміс жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам