Беделді турнирде «Астана» велокомандасынан бір ғана спортшы мәре сызығын кесті

21.04.2025, 15:33

Оның өзінде +4:08 минутқа қалыс қалып, 34-орын алды

Беделді турнирде «Астана» велокомандасынан бір ғана спортшы мәре сызығын кесті
ҰОК

Нидерландта Amstel Gold Race бір күндік турнирі өтті.

255,9 шақырымдық жарыста даниялық Маттиас Скельмосе (Lidl-Trek) топ жарды.

Мәре сызығын екінші болып словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates-XRG) кессе, үздік үштікті бельгиялық Ремко Эвенепул (Soudal Quick-Step) түйіндеді.

Ал XDS Astana Team сапынан Никола Кончи (Италия) ғана мәре сызығын кесті. Оның өзінде +4:08 минутқа қалыс қалып, 34-орын алды.

Елорда ұжымының өзге өкілдері – Клеман Шампуссен (Фрация), Даррен Ван Беккум (Нидерланд), Кристиан Скарони (Италия), Фаусто Маснада (Италия), Иде Схеллинг (Нидерланд) пен Симоне Веласко (Италия) жарыстан шығып қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам