Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді
Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ.
Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Жарыс бағдарламасы:
9 мамыр
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг
10 мамыр
Әйелдер: -63 кг, -70 кг
Ерлер: -73 кг, -81 кг
11 мамыр
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг