
Финалдар Астана уақытымен 15:00-де басталады
Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Ұлттық құрама спортшысы қола жүлдеге таласады.
Жұбаныш белдесуінде Мейірлан Максим (-90 кг) Оңтүстік Корея өкілі Ким Чон Хуннан, осы салмақтағы Ермахан Әнуарбеков Түркменстан спортшысы Мамедали Ачылдыевнан айласын асырды.
Ал +78 кг салмақта Назгүл Маратова мен Ақерке Рамазанова күресіп, кейінгісі қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Финалдар Астана уақытымен 15:00-де басталады.