Милад Карими Мысырда топ жарып, алтын медаль алды

27.04.2025, 15:52

Милад осыған дейінгі Дохадағы кезеңде алтын жүлде иеленген

Милад Карими Мысырда топ жарып, алтын медаль алды
Спортты дамыту дирекциясы

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими алтыннан алқа тақты.

Ол еркін жаттығудың финалында 14.133 ұпай алды. Одан кейін 13.966 ұпаймен Болгария өкілі Эдди Пенев күміс жүлдеге қол жеткізді. Үздік үштікті украин гимнасты Назар Чепурный (18.866 балл) түйіндеді.

Милад осыған дейінгі Дохадағы кезеңде осы жаттығуда жеңіске жеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам