Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Дзюдошы Мейірлан Максим Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

27.04.2025, 14:46

Отандасымыз тәжікстандық Умеджан Ражабовты жеңді

Дзюдошы Мейірлан Максим Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Таиландта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Мейірлан Максим қола жүлдеге ие болды. 90 келіде белдескен отандасымыз шешуші сында тәжікстандық Умеджан Ражабовты жеңді.

Сонымен бірге, аталған салмақта Ермахан Әнуарбеков белдесіп, шешуші сәтте Жапония өкілі Комеи Каватаға есе жіберді.

Бүгін әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанова қола жүлде үшін Моңғолия спортшысымен белдеседі.

Аталған жүлде Қазақстан ерлер құрамасы қол жеткізген екінші қола жүлде. Бұған дейін 60 келіде Шерзод Давлотов қола медаль иеленген болатын. Сондай-ақ, әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Бақыт Құсақбаева (57 кг) қола медальға қол жеткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам