Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын небәрі 4 қоламен аяқтады

28.04.2025, 00:29

Өзбек командасы екі алтын, екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алған

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын небәрі 4 қоламен аяқтады
Қазақстан дзюдо федерациясы

Тайланд астанасы Бангкок қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында жекелей бәсекелер аяқталды. Қазақстан құрамасы бар болғаны 4 қола медальмен жарысты аяқтады. 

Атап айтқанда, Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі) және Максим Мейірлан (90 келі) құрлық біріншілігін үшінші орынмен аяқтап отыр.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы небәрі оныншы орынға тұрақтады.

  1. Жапония – 8 алтын, 3 қола
  2. Өзбекстан – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола
  3. Оңтүстік Корея – 2 алтын, 1 күміс, 6 қола
  4. Қытай – 1 алтын, 3 күміс, 2 қола
  5. Бахрейн – 1 алтын

Айта кетейік Қазақстан дзюдошылары соңғы 3 жылда құрлықтық додада алтын ала алмады. Соңғы рет Астанадағы Азия чемпионатында Данияр Шамшаев чемпион атанған. 2023 жылы Азия ойындарында Әбиба Абужақынова финалға шығып күміс алған. 2024 жылы Гонконгтағы біріншілікте бірде-бір балуан финалда өнер көрсетпеді. Гонконгта 3 қола медаль алған. Биыл да сол нәтижені қайталап отыр.

Ертең аралас командалық сайыс болады. Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Моңғолия дзюдошыларымен бақ сынасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам