Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде үшін күреседі

28.04.2025, 10:36

Ұлттық құрама Қырғызстан командасынан 2:4 есебімен басым түсті

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде үшін күреседі
Спортты дамыту дирекциясы

Таиландта дзюдодан өтіп жатқан командалық сында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін күресетін болды.

Отандық татами шеберлері алғашқы айналымда Моңғолия балуандарынан 4:0 есебімен жеңіліп қалды. Татамиге шыққан Ақерке Рамазанова (+70 кг), Еламан Ерғалиев (+90 кг), Дана Әбдірова (-57 кг), Бақытжан Әбдірахманов (-73 кг) есе жіберіп, жартылай финалға өте алмады.

Бангкоктағы доданың жұбаныш белдесуінде ұлттық құрама Қырғызстан командасынан 2:4 есебімен басым түсті. Енді Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Қырғыз балуандарымен белдесу 1:2 есебімен басталды. Ал Дана Әбдірова (-57 кг) мен Мейірлан Максим (-90 кг) жеңіске жетіп, нәтижені 2:4-ке жеткізді.

Командалық сында финалға А тобында күрескен Жапония құрамасы жолдама алды. Енді күншығыс елінің балуандары Өзбекстан құрамасымен сынға түседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам