Ауыр атлет Ксения Прозорова әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

03.05.2025, 16:22

Бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт алғашқы алтынды қоржынға салған

Ауыр атлет Ксения Прозорова әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
IWF

Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіпмаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Ксения қоссайыс қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні еңсерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді — 190 (88+102) келі. Ал үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды — 189 (85+104) келі.

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жастар арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам