
2023 жылы Астана пара дзюдодан Азия чемпионатын өткізген болатын
Астанада 13–15 мамыр күндері парадзюдодан әлем чемпионаты өтетін болды. Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 40-қа жуық мемлекеттің спортшылары жаһандық доданың жүлдесін сарапқа салмақ.
Спорт комитетінің мәліметінше, әлемнің үздік пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасынан кейін жаңа салмақтарда сынға түседі.
Айта кететін жайт, бұған дейін Астанада 2023 жылдың сәуір айында парадзюдодан Азия біріншілігі өткен болатын. Азияның 11 елінен 100-ге жуық үздік дзюдошылар жиналып, Қытай Тайпейі, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Тайланд, Индонезия, Өзбекстан және Қазақстан елдерінен пара дзюдошылар түрлі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтаған еді.
Есте болса, былтыр Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қазақстандық парадзюдошылар табысты өнер көрсетті. Олардың арасында Ақмарал Науатбек үздік шығып, 48 келіде чемпион атанған.