Өзбекстандағы қазақ дзюдошысы Әселхан Аралбаева Еуропа кубогінің чемпионы атанды

05.05.2025, 16:32

Ол жақын уақытта әлем чемпионы атануды көздеп отыр

Өзбекстандағы қазақ дзюдошысы Әселхан Аралбаева Еуропа кубогінің чемпионы атанды
instagram.com/aselxanaralbayeva/

Стамбұлда (Түркия) дзюдодан өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогінде Өзбекстан атынан күрескен қазақ қызы Әселхан Аралбаева (57 кг) чемпион атанды.

Әселхан болашағынан зор үміт күттіретін дзюдошылардың бірі. Ол «Бірінші бол» тілшісіне берген сұхбатында Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметовті үлгі тұтатынын айтты.

«Бұл додағы қарсыластарымның барлығы жақсы дайындалып келіпті. Ешбір белдесуім оңай болмады. Бірақ, бәрін жеңе алдым. Енді болашақта әлем және Олимпиада чемпионы болуды мақсат етемін. Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметовті үлгі тұтамын», - деді Әселхан Аралбай.

Әселхан Аралбай Ташкентте дүниеге келген. Жасөспірімдер арасында Өзбекстан біріншілігінің 5 дүркін, Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы. Азия кубогінде 3 рет алтын медальға қол жеткізген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам