Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

«Тонағысы келеді». Хамитов алматылық қыздар туралы ойын айтты

06.05.2025, 22:57

Спортшы өзінен ақша сұрайтын қыздардан көңілі қалғанын атап өтті

«Тонағысы келеді». Хамитов алматылық қыздар туралы ойын айтты
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар жайлы пікір білдірді.

«Жаттығудан келе жатырмыз. Әлішер екеуміз бір-бірімізге «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп сұрап келе жатырмыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», - деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, ақпан айында Хамитов ресейлік спортшы Магомед Исмаиловпен кездесетіні туралы ақпарат пайда болған. Алайда жақында ғана қазақстандық бұл айқастың өтпейтінін айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам