
Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанған
Грек-рим күресінен Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедовке Отан қорғаушылар күні қарсаңында капитан шеніне ие болды. Бұл туралы балуанның өзі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы №56 бұйрығына сәйкес, аға лейтенант Ділмұхамедов Асхат Рахатұлына кезекті әскери капитан» шені мерзімінен бұрын берілді», - деп жазылған балуанның ресми парақшасында.
Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанған. Ол 2011 жылы Ташкентте өткен құрлық чемпионатында қола жүлдегер атанса, бұл жетістігін 2016 жылы Бангкоктағы сында қайталады. Ал 2018 жылы Бішкекте 82 келіде үздік атанды. Сондай-ақ, 2017 жылы Ашхабатта жабық кешендерде өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді.
Балуан 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Роман Власовты жеңген болатын. Ділмұхамедов Токио Олимпиадасына жолдама алғанымен, күншығыс елінде өткен төртжылдықтың басты ойындарында Демеу Жадыраев күресті.