Дзюдодан бразилиялық Олимпиада чемпионы домбыра тартып көрді

08.05.2025, 16:11

Рио Олимпиадасында әйелдер арасында чемпион атанған Рафаэльа Силва фавориттер қатарында

Дзюдодан бразилиялық Олимпиада чемпионы домбыра тартып көрді
Видеодан кадр

Астана Гранд Слэміне қатысуға келген Бразилия дюдошысы домбыраны шертіп көріп, жанкүйерлерге қазақ тілінде сәлем жолдады.

Рио Олимпиадасында әйелдер арасында чемпион атанған Рафаэльа Силва 9-11 мамыр күндері ел астанасындағы сында 57 келіде бас фавориттердің біріне баланып отыр.

«Сәлем, Астана! Қош көрдік! Мен дайынмын! Рахмет», - деді ол қазақ тілінде.

Рафаэльа Силва Олимпиада ойындарында 2016 жылы чемпион атанса, былтыр Парижде командалық сында қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2013, 2022 ж.), Бұдан бөлек, спортшы Панамерика біріншілігінің 5 мәрте жеңімпазы.

Айта кететін жайт, Рафаэльа Силва Париж Олимпиадасында командалық сында Қазақстан құрамасына қарсы белдесуде Абиба Әбужақыновамен күрескен еді. Отандасымыздан 9 келі жоғары салмақта күресетін Силва сол сында басым түскен болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам