Қазақстан спорты Ресей мен Украинаға жол беріп, Өзбекстаннан басып озды

09.05.2025, 11:26

Қазақстан жаһандық спорт рейтингінде 43-орынға жайғасты

Қазақстан спорты Ресей мен Украинаға жол беріп, Өзбекстаннан басып озды
ҰОК

2024 жылғы World Sports Rankings жаһандық рейтингінде Қазақстан 206 елдің ішінен 43-орынға тұрақтады. Бұл рейтинг ұлттық және халықаралық деңгейдегі спорттық стратегияларды – спорт лигалары, олимпиадалық комитеттер, федерациялар мен өзге де құрылымдар жүзеге асырып жатқан бастамалар негізінде жасалған.

ТМД елдері арасында Қазақстан тек Украина мен Ресейге ғана жол беріп, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Молдова, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Түрікменстанды артта қалдырды.

Рейтинг көшбасшылары – АҚШ, Франция және Ұлыбритания. Ал соңғы орындарға Микронезия, Маршалл аралдары мен Науру елдері орналасқан.

Айта кетейік, Statista агенттігінің болжамынша, 2025 жылға қарай жаһандық спорт нарығының табысы 117,9 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін. Ал 2025–2029 жылдар аралығында орташа жылдық өсім қарқыны (CAGR) 3,98%-ды құрап, 2029 жылы нарық көлемі 137,82 миллиард долларға дейін ұлғаюы ықтимал.

Ең үлкен табыс АҚШ-қа тиесілі болмақ – 2025 жылы бұл елдің үлесі 52,77 миллиард долларды құрамақ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам