Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионы атанды

10.05.2025, 10:48

Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы бірінші келеді

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионы атанды
Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Жұптасып байдаркада 500 метр қашықтық жарыста Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келіп, Азия чемпионы атанды. Қазақстандық жұптың соңынан мәре сызығын екінші болып, Қытай спортшылары Хуан Цзеи Ден Меи кесіп өтті. Үздік үштікті Жапония спортшылары түйіндеді.

Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері Ұлттық құрама сапында. Азия чемпионатына 2007-2009 жылдан бері қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанған.

Азия біріншілігінде жалпы командалық есепте 9 алтынмен Қытай көш бастап келеді. Қазақстан мен Вьетнам құрамалары 1 алтынмен екінші орынды өзара бөліскен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам