Азия чемпионаты: Пётр Хребтов қола жүлдеге ие болды

11.05.2025, 23:11

Хребтов жұлқа көтеруде 146 келіні көтерсе, серпе көтеруде 187 келіні еңсерді

Азия чемпионаты: Пётр Хребтов қола жүлдеге ие болды
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының атлеті Пётр Хребтов ел қоржынына қос қола жүлде салды.

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, екі жаттығудың қосындысы бойынша үшінші орынға ие болған еді.

Хребтов жұлқа көтеруде 146 келіні көтерсе, серпе көтеруде 187 келіні еңсеріп, жалпы 333 келі нәтижемен үздік үштікке енді. Айта кетерлігі, спортшымыз серпе көтеру сайысында да үшінші орынды иеленіп, жеке жаттығу бойынша да қола медаль алды.

Аталған салмақта алтын медальді 360 келі (155+205) нәтижемен индонезиялық Эрвин Рахмат Абдулла жеңіп алса, күміс жүлде 334 келі (145+189) көрсеткішпен Қытай атлеті Хайфенг Вуға бұйырды.

Пётр Хребтовтың бұл жетістігі Қазақстан ұлттық ауыр атлетикасы құраасының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам