Гранд Слэмде жүлде алған Сметовтің қарсыласы пікір білдірді

Telegram WhatsApp

Мағжан Шамшадин қолдаушыларына алғыс айтты

ҰОК
ҰОК

Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан өткен Barysy Grand Slam турнирінде 60 келіде сынға түсіп, қола жүлде иеленген Мағжан Шамшадин өзінің нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Ұлттық құраманың белгілі балуаны бір жылдан кейін халықаралық жарыстан жүлде алғанына назар аударды.

«Астанада өткен Grand Slam жарысында қола жүлдеге ие болдым. Осыдан тура екі жыл бұрын жарыс жеңімпазы атанған едім, араға уақыт салып тағы да жеңіс тұғырына көтерілу бұйырыпты. Соңғы рет жарыс жолына былтыр Душанбеде шыққан болатынмын. Бұл жүлдені өз басым ұзақ үзілістен кейінгі татамиге сәтті оралу деп айтар едім. Әрине, мақсат алтын еді. Алайда, қоланы да қанағат тұтамыз. Осы жеңісімді Жеңіс күніне арнадым»

деді Мағжан Шамшадин

Дзюдошы жауапты турнирде өзіне қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдіріп, жарыс сайын жүлде алуға барын салатынын жеткізді.

«Жеңіске жету жолында жанымнан табылған барлық жанашырларыма, жаттықтырушыларым мен жақындарыма, жанкүйерлер мен командаластарыма, әсіресе, бізді қолдап отырған федерация басшылығына алғыс айтамын. Үйдегі жарыста жанкүйерлерімді қуантуды әдетке айналдырамын деп уәде беремін»

деді ол

Мағжан Шамшадин былтыр Париж Олимпиадасына барудан үмітті болған балуанның бірі еді. Ол ұлттық құрама ішіндегі бәсекеден соң спаррингте өзінің әріптестері Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаевпен белдесіп, есе жіберді. Осылайша ол Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Дзюдошы сондай-ақ, 2024 жылдың соңында Ақтөбеде өткен ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Айта кететін жайт, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының балуандары 9 медаль иеленді. Алай отандық татами шеберлері алтын медальға қол жеткізе алған жоқ.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 12 787 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 456 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 147 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 300 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 339
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›