Руслан Курбанов семсерлесуден Гран-при турнирінде күміс жүлде иеленді

Бүгін, 10:49

Курбанов жартылай финалда Өзбекстандық Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді

Руслан Курбанов семсерлесуден Гран-при турнирінде күміс жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Колумбияда өткен Гран-При турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі саналатын Курбанов жартылай финалда Өзбекстандық Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алайда шешуші бәсекеде ол жапон спортшысы Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты.

Колумбиядағы сында үздік үштікті Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон түйіндеді.

Айта кетейік, қазақстандық тағы бір спортшы Ерлік Сертай да сынға түсіп, Гран-При турнирін сегізінші орынмен аяқтап, үздік ондыққа енді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам