Бүгін

Ақтаулық спортшыға Ұлыбритания саяси баспана берді

Telegram WhatsApp

Ильдардың 2023 жылы жұмыс істеу үшін Ұлыбританияға аттанған

Getty Images
Getty Images

Гиннесстің рекордтар кітабына енген ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев Ұлыбританияда саяси баспана алып, енді бұл елде кемінде бес жыл тұру құқығына ие болды. Оның айтуынша, бұл мәртебеге қол жеткізу үшін біраз қиындық көрген.

«Жүздеген күн бойы – таңнан кешке дейін фермада 12 сағаттық жұмыс. Аптап ыстық пен суықта да тоқтаған жоқпын. Құжат жоқ, мүмкіндік жоқ деген себеппен сан мәрте бас тартуға ұшырадым. Жүздеген түнім болашаққа деген белгісіздік пен уайыммен өтті. Ал бүгін қолымдағы қағаз – жай ғана рұқсат қағазы емес, менің төзімім мен күресімнің дәлелі. Бұл – бес жылға берілген тұру құқығы, шетелге шығу үшін жеке паспорт және ең маңыздысы – таңдау еркіндігі. Енді балаларымды құшақтай аламын, көздеріне қарап, күлкісін ести аламын. Әкелерің бәрін сендер үшін істеді. Болашағың үшін. Маған сенген жандарға да, сенбегендерге де алғыс»

деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында

Естеріңізде болса, Ильдардың 2023 жылы жұмыс істеу үшін Ұлыбританияға аттанғаны туралы жазғанбыз. Ол ауыл шаруашылығы саласында да, фастфуд желілерінде де жұмыс істеп көрген.

Сол жылдың жазында ол қазақстандық БАҚ-қа сұхбат беріп, спорт саласындағы жемқорлық, қаржыны әділетсіз бөлу және олимпиадалық емес спорт түрлеріне қысым жасау мәселелері жөнінде ашық мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, осыдан кейін белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоққы түсе бастаған. Қауіпсіздігіне алаңдаған Ильдар телефон нөмірін ауыстырып, кейінірек саяси баспана сұрауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, Ильдар Ягьяев — стритлифтинг пен стритворкауттан жеті дүркін әлем чемпионы.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 10 268 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 381 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 121 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›