Геннадий Головкин Германияға іссапармен барды

14.05.2025, 12:14

Ол Германия бокс федерациясының өкілдерімен кездеседі

Геннадий Головкин Германияға іссапармен барды
ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барды.

Сапар аясында Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде жұмыс кездесуі өтеді. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдері де бар. Ресми кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысады.

Тараптар бірнеше сессия аясында спорттағы адалдық пен сәйкестік, олимпиадалық қозғалысты дамыту, Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сияқты маңызды мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ спорттағы қауіпсіздік мәселелері көтеріліп, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам