Спорттағы хиджабқа қатысты мәселеге Франция президенті Макрон араласты

Telegram WhatsApp

Оның айтуынша, жарыстарда теңдік принципі сақталуы керек

Reuters
Reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон спортшы әйелдердің жарыстар кезінде хиджаб киюін қолдамайтынын мәлімдеді.

TF1 телеарнасына берген сұхбатында ол Францияда қызу талқыланып жатқан спорттағы діни белгілерге тыйым салу мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

«Мен Олимпиада хартиясын қолдаймын. Ол жарыстар кезінде кез келген діни рәміздерді тағуға тыйым салады. Мен жарыстарда осы хартияның талаптары орындалуы керек деп есептеймін. Ал жарыстан уақытта бұл мәселені спорт федерациялары өздері шешуі тиіс»

деді Макрон

Оның айтуынша, спорттық жарыстарда теңдік пен бейтараптық принциптері сақталуы керек.

«Жарыстар кезінде діни рәміздерге орын жоқ – олар қандай болса да. Бұл – ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік, жалпы адамзаттық теңдік мәселесі»

деп атап өтті ол

Сонымен қатар Франция президенті жаттығу кезінде және күнделікті спортпен айналысқанда заңда киімге қатысты ешқандай тыйым жоқтығын алға тартты.

«Спорт нысандарында жаттығу жасағанда киімге прагматикалық тұрғыда қарау қажет, біздің заң бұл жағынан тыйым салмайды»

деп жауап берді Макрон 2024 жылғы ауыр атлетикадан Франция чемпионы Сильви Эберенаның сұрағына

Еске сала кетейік, 2024 жылдың ақпанында Франция Сенаты елдегі барлық кәсіби және әуесқой жарыстарда саяси немесе діни ұстанымды айқын көрсететін кез келген белгі мен киімді киюге тыйым салатын заңға дауыс берген болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 7 311 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 279 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 71 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›