«Көзі анық көреді»: Әзербайжандық паралимпиада чемпионының өтірігі әшкере болды

Telegram WhatsApp

24 жастағы спортшы бұған дейін көру қабілеті шектеулі спортшылар санатына жатқызылған

Azerisport
Azerisport

Әзербайжандық дзюдошы, Токио-2020 Паралимпиадасының жеңімпазы Шахана Гаджиева параспорттық жарыстардан өмір бойына шеттетілді. Бұл шешім спортшының әлем чемпионаты алдындағы медициналық тексеріс нәтижесінде толық көру қабілетіне ие екені анықталғаннан кейін қабылданды.

24 жастағы спортшы бұған дейін көру қабілеті шектеулі спортшылар санатына жатқызылған. Алайда жаңа тексеру оның көру мүмкіндігінде ешқандай шектеу жоқ екенін көрсетті. Осыған байланысты Гаджиева енді паралимпиадалық жарыстарға қатыса алмайды.

Ұқсас жағдай тағы бір әзербайжандық спортшы Эльнара Низамлыға да қатысты тіркелді. Бұған дейін мүлде көрмейді деп саналған дзюдошы медициналық бақылау нәтижесінде жарыстарға жіберілмейтін болды.

Әзербайжанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Париждегі Паралимпиада ойындарына дайындық аясында спортшыларды сыныптау жүйесіне өзгерістер енгізілген. Жаңа ережелерге сәйкес, кейбір ауру түрлері енді параспорт санатынан алынып тасталды.

Айта кетейік, Шахана Гаджиева — Паралимпиада-2020 чемпионы, Еуропа чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс және екі мәрте қола жүлдегері.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 6 596 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 255 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›