Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атануы мүмкін басты үміткерлердің қатарына енді

Telegram WhatsApp

Отандасымыз наурыз айында Азия чемпионатында алтын алған

instagram.com/unitedworldwrestling
instagram.com/unitedworldwrestling

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Біріккен күрес әлемі (UWW) тарапынан 2025 жылғы әлем чемпионатын ұтып алуы ықтимал балуандар қатарына енді. Наурыз айында Азия чемпионатында алтын алған отандасымызды UWW 74 келі салмақтағы ең мықты үміткерлердің бірі деп бағалады.

«Құрлықтық чемпионаттар артта қалды. Енді 74 келі салмақ дәрежесіндегі Азия, Еуропа, Пан-Америка және Африка чемпиондары арасынан кімдердің әлем чемпионатын ұтып алу мүмкіндігі жоғары деп ойлайсыз?»

деген сұрақпен UWW өз оқырмандарына сауал тастаған

Бұл тізімге Нұрқожа Қайпановпен қатар Еуропа чемпионы Чермен Валиев (Албания), Пан-Америка чемпионы Ладарион Локкетт (АҚШ) және Африка чемпионы Омар Мурад (Мысыр) енген.

Айта кетейік, 2023 жылы Албания астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов тамаша өнер көрсетті. Ол алғашқы айналымда Израиль балуанын 9:0 есебімен, екінші кезеңде Молдова өкілін 14:2 есебімен, ширек финалда грузин балуанын 12:2, жартылай финалда тәжік спортшысын 13:2 нәтижесімен айқын басымдықпен жеңді. Ал финалда Жапония балуанынан 5:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Нұрқожа Қайпанов — Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші балуан. Чемпион отанға оралғанда күрес федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожасбай балуанға қымбат көлік тарту еткен болатын.

Айта кететін жайт, биыл күрест түрлерінен әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек күндері Хорватия астанасы Загреб қаласында өтеді.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 7 311 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 279 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 71 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›