АҚШ-тың даңқты балуаны жезөкшелерге қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады

Telegram WhatsApp

Ол өзін қолдаған көпшілікке алғысын жеткізді

Global look press
Global look press

Еркін күрестен Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдер жезөкшелікке қарсы рейд барысында ұсталғаннан кейін алғаш рет көпшілікке мәлімдеме жасады. Ол Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жазба жариялап, көпшілікке алғысын жеткізді.

«Маған жылы сөз айтып, қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтқым келеді. Менің бар назарым Құдай Иса Мәсіхпен қарым-қатынасыма және отбасыммен байланысыма аударылған. Бұл – менің жолымның соңы емес»

деп жазды ол X парақшасында

Сwcolumbus басылымының жазуанша, Кайл Снайдер ұсталған Колумбус қаласындағы жезөкшелікке қарсы рейдтің мән-жайына қатысты көптеген деректер анықталған. Қалалық полицияның өкілі, сержант Джо Альберттің мәліметінше, тергеушілер интернет арқылы жезөкшелік қызмет ұсынатын жалған хабарландырулар жариялаған.

Полицияның мәлімдемесіне сәйкес, жұма күні кешкі сағат 8-ден кейін құқық қорғаушылар жарияланған хабарламалардың біріне жауап ретінде жіберілген мәтіндік хабарламалар мен қоңырауларды қабылдай бастаған. Жедел хат-хабарлар мен қоңыраулар арқылы жақын маңдағы қонақүйде кездесу белгіленген. Біраз уақыттан соң қонақүйге келген Кайл Снайдер жыныстық қызмет алу үшін жасырын жұмыс істеген полиция қызметкеріне ақша төлеген. Кейіннен ол қонақүйдегі бөлмеде форма киген полицейлер тарапынан "жезөкшелікпен айналысу" бабы бойынша қолға түсті.  Енді Снайдер алдағы дүйсенбі күні сотта жауап беретін болады.

Кайл Снайдер  АҚШ тарихындағы ең табысты балуандардың бірі. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада 97 кг салмақта чемпион атанып, 20 жасында ең жас Олимпиада чемпионы болған америкалық алғашқы балуан саналады. Сондай-ақ, Токио-2020 Олимпиадасында күміс медаль иеленіп, үш дүркін әлем чемпионы ретінде танымал.

Айта кететін жайт, Снайдер жақында ғана «Real American Freestyle» атты жаңа балуандар лигасына қосылған болатын. Лиганың алғашқы шоуы 2025 жылдың тамыз айында Кливлендте өтеді деп жоспарланған

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 7 311 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 279 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 71 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›