Парадзюдодан әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға тіркелді

Telegram WhatsApp

Айтулы жарыс Астанада өткен болатын

Қазақстан пара дзюдо федерациясы
Қазақстан пара дзюдо федерациясы

Астанада өткен парадзюдодан әлем чемпионатында бұрын соңды болмаған тарихи оқиға тіркелді. 

Байрақты бәсекенің соңғы күні командалық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасы Түркия, Өзбекстан, Үндістан командаларын айқын басымдықпен жеңген болатын. Алайда, Бразилия қыздарынан жеңілді.

Жарыс айналмалы жүйеде өткендіктен ұпай саны бойынша Қазақстан чемпион деп танылған. Алайда, Түркия құрамасы наразылық білдіріп, бұл нәтижемен келіспейтінін жеткізді. Өйткені, екі команда да ұпай саны бірдей. Бірақ, өзара айқасты қазақстандық дзюдошылар жеңген.

Қос тараптың уәжін төрешілер таразылай келе екі бірдей команданы яғни Қазақстан мен Түркия әйелдер құрамасын әлем чемпиондары деп таныды.

Осылайша парадзюдо тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырында екі мемлекеттің ән ұраны қатар шырқалды.

Жарыс соңында Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің әсерімен бөлісті.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалық сайыста барымызды салып, алтын медальға ие болдық. Өте қуаныштымын. 2023 жылы Астанада болған Азия чемпионатында қыздар құрамасы жеңіске жеткен едік. Енді міне, әлем чемпионы болып жатырмыз. Демек, командалық сайыста жүлде қорымыз түгел болды»

деді Ақмарал

Айта кетейік, парадзюдодан ұлттық құрама  2 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынға жайғасты.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 7 311 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 279 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 71 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›