
Ол 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды көздеп отыр
Олимпиада ойындарының 3 дүркін чемпионы Тедди Ринер жанкүйерлеріне күтпеген мәлімдеме жасады.
Даңқты дзюдошы 13-20 маусым аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Спортшының айтуынша, шынтағына жасалған отадан кейін ол әлі толық қалпына келмеген.
«Мен Будапештте өтетін Әлем чемпионатына қатыспаймын. Бірнеше ай бұрын шынтағыма жасалған операция сәтті өткенімен, әлі толық қалпыма келе қойған жоқпын. Мен жоғарғы деңгейде өнер көрсетуім үшін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан толық дайын болуым керек.
Халықаралық ірі бәсекеден бас тарту – оңай шешім болған жоқ. Бірақ, бұл – өз командаммен бірге ақылдасып және ойлана келе қабылданған шешім. Біз күн сайын тынбай еңбектеніп жатырмыз, мақсат — бұрынғыдан да мықты болып оралу.
Менің басты мақсатым өзгермейді, ол – Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары. Сол жерге ең жақсы қалпымда баруды көздеймін. Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, татамиде қайта жолыққанша», - деді Тедди Риннер өзінің instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Теддин Риннер 2012 жылы Лондонда, 2016 Риода, 2024 жылы Парижде топ жарып, үш дүркін Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізген. Сонымен қатар, әлем чемпионатында 12 рет және Еуропа чемпионатында 5 мәрте чемпион атанған.