Ғұсман Қырғызбаев бастаған Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатына қатысады

Бүгін, 12:14

Халықаралық федерация жариялаған тізім құрамы әлі де өзгеруі мүмкін

Ғұсман Қырғызбаев бастаған Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатына қатысады
Қазақстан дзюдо федерациясы

Маусым айында Венгрияда дзюдодан өтетін әлем чемпионатында күресетін отандық балуандардың есімі белгілі болды. Тізім Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) сайтында жарияланған.

Аталған құрамда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова бар.

Қазақстан ерлер құрамасы:

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов 
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев 
  • 73 кг: Есет Қуанов 
  • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 кг. Максим Мейірлан 
  • -100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров 
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 кг: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева 
  • 57 кг: Бақыт Құсақбаева
  • 63 кг: Есмигүл Құйылова

Айта кету керек, бұл тізім әзірге нақты бекітілген тізім емес. Еліміздің дзюдо федерациясы әлем чемпионатына баратын ұлттық құрамаға тағы өзгерістер енгізуі мүмкін.

Еске салайық, дзюдодан Қазақстан құрамасы мамыр айының басында Астанада өткен Гранд Слэм турнирінде күресіп, 9 жүлде иеленген еді. Оның ішінде отандық татами шеберлері 3 күміс, 6 қола медаль иеленді. Айта кететін жайт, Будапеште 13-20 маусым күндері өтетін сынға Елдос Сметов қатыспайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам