Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

2028 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ерекше форматта өтпек

22.05.2025, 18:14

Ашылу салтанаты бірден екі стадионда өтеді

2028 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ерекше форматта өтпек
Getty sport

Лос-Анджелесте 2028 жыл өтетін жазғы Олимпиада ойындарыныңұйымдастыру комитеті ашылу салтанатының 14 шілде күні бірден екі стадионда өтетінін мәлімдеді.

Салтанатты ашылу бір уақытта тарихи «Лос-Анджелес МемориалКолизеум» стадионы мен Инглвуд қаласындағы америкалық футболға арналған жаңа аренада ұйымдастырылмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шешім Лос-Анджелестің спорт инфрақұрылымы мен дәстүрлерін көрсету мақсатында қабылданған.

«Мемориал Колизеум» стадионы үшін бұл Олимпиададағы үшінші ашылу салтанаты болмақ. Бұл стадион 1932 жылғы Олимпиада ойындарына арнайы салынған. Одан кейін 1984 жылы өткен Олимпиаданың басты аренасы болған. Сонымен қатар, мұнда 2028 жылғы Олимпиада аясында жеңіл атлетика жарыстары өтетіні белгілі болып отыр.

Ал Инглвудтағы спорт кешені 2020 жылдың күзінде ашылған. 70 мың көрерменге арналған бұл арена америкалық футболдан «Рэмс» пен «Чарджерс» командаларының стадионы болып саналады. Олимпиада кезінде мұнда жүзу турнирлеріне арналған уақытша бассейн орнатылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу салтанаты өз ерекшелігімен есте қалуы тиіс. 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 30 шілдеде «Лос-Анджелес Мемориал Колизеум» стадионында өтеді. Ал Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 15 тамызда Инглвудтағы стадионда, жабылу рәсімі 27 тамызда «Мемориал Колизеумда» ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам